Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды
2021 жылғы 8 тамыз 21:21

Алакөлде гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды

АЛАКӨЛ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан.

Түркістан облысының тұрғыны қауіпсіздік ережесін бұзып, рульді басқара алмай қалған.

- 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.


Jańalyqtar

MURAǴAT