Алакөлде дуатлоннан республикалық жарыс өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 18 шілде күні Алматы облысы Алакөл ауданының Ақши ауылында дуатлоннан «Алакөл-2018» республикалық жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитетіне сілтеме жасап.

Жарысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Дуатлон жарыстары салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту, сондай-ақ ішкі туризмді дамыту мақсаттарын көздейді.

Жарыстар спорттың екі түрінен өтеді: қатысушылар 5 шақырымға жүгіріп, 10 шақырымға велосипедпен жарысады. Жалпы қашықтық - 15 км.
Шараға ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және белгілі қазақстандық спортшылар қатысады.

Соңғы жаңалықтар