Алакөлде демалыс орындарының көбі туристерді қабылдауға дайын емес

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Алакөл жағалауында орналасқан демалыс орындарының көбісінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг те облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Нұрланғазы Ибраев мәлім еткендей, Алакөл жағалауында 175 демалыс орны бар. Соның ішінде 59-ы (34 пайызы) ғана ішінара санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізуде. Ал қалған 116 нысан туристерді қабылдауға әлі дайын емес.

«59 демалыс орнының 32- с і дезинфекциялық құралдармен толық қамтамасыз етілді. 23 демалыс орнында ас ішетін үстелдердің арасында әлеуметтік арақашықтық сақталған. 22-сінде антисептикалық санитайзерлер мен бөлме дегі жатын орындар д ың арасындағы қашықтық талапқа сәйкес келеді. 12 демалыс орнында байланыссыз термометрлер сатып алынған», - деді ол.

Туристік мекемелердің аумағында орналасқан ойын алаңдары мен сәулеттік нысандарда дезинфекциялау жұмыстары әлі күнге дейін жүргізіл ме ген. Сонымен қатар келушілерден сауалнама алып, санэпидемиологиялық қауіпсіздікті түсіндіретін жауапты тұлғалар тағайындалмаған. Осы бағыттағы жұмыстар 10 маусымнан кейін жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

«Жергілікті билік өкілдерінің бастамасымен демалушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында көл жағалауы маңында арнайы белгілер орнатылды. Жоспарға сәйкес Алакөлде профилактикалық дезинфекциялау жұмыстарының бірінші кезеңі өткізілді. Туристер мен демалыс орындарының басшыларына КВИ-дің алдын алу жұмыстарын түсіндіру үшін туристік ақпараттық орталық пен серуендеу аймағында LED экрандар орнатылады», - деді Нұрланғазы Ибраев.

Еске салайық, Алакөлде демалушылардан коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама талап етілетіндігі хабарланған еді.

Биыл Алакөл аймағы демалушыларды 13 маусымнан бастап қабылдайды.

Көл жағасында 8 жаңа демалыс үйі ашылмақ.

Бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысында коронавирус індеті 190 адамнан анықталды, оның 65-і жазылып шықты. Қайтыс болды - 1 науқас.



Соңғы жаңалықтар