+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алакөлде демалатын туристердің қауіпсіздігі «Ashyq» жобасы арқылы қамтамасыз етіледі

2021 жылғы 10 маусым 15:18
Бөлісіңіз:
Алакөлде демалатын туристердің қауіпсіздігі «Ashyq» жобасы арқылы қамтамасыз етіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сары» және «қызыл» статусы бар жеке тұлғалардың Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағына келуіне тыйым салынады.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі Нұр-Сұлтанда қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тест талабы енгізілмек

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметкерлер мен демалушы туристердің қауіпсіздігі мен Алакөл көлінің жағалауында коронавирус инфекциясының таралуын барынша азайту кәсіпкерлік субъектілерінің «ерікті» қатысушылар форматында «Ashyq» жобасын енгізуі арқылы қамтамасыз етіледі. Мұнымен қоса, демалыс аймағында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим, термометрия, бетперде кию тәртібі және әлеуметтік қашықтық сақталатын болады.

Кәсіпкерлер немесе келушілерді демалыс және тұру орындарында орналастыруға жауапты тұлғаларға, сондай-ақ көлдің туристік-рекреациялық аймағында орналасқан қызмет көрсетуші өзге де объектілерге қоныстанатын демалушылардың «жасыл» және «көк» статусын QR-код немесе ЖСН арқылы тексерген кезде ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Шетел азаматтарының статусын тексеру үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкердің «Ashyq» қосымшасына паспорт нөмірін енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Келушілер берілген күнінен үш тәуліктен аспайтын, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен жүргізілген зертханалық тексеру туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) немесе коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде, олар туристік-рекреациялық аймақ объектілеріне өз статусын тексермей кіре алады. Сонымен қатар, еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын құжатты ұсынған азаматтардың демалыс аймағына статусын тексермей кіруіне рұқсат беріледі.

«Сары» және қызыл» статусы бар жеке тұлғаларға Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағына келуге тыйым салынады.

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасының, «Алакөл» көлінің және «Рахман қайнарлары» санаторийінің туристік-рекреациялық аймақтарында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 23 мамырдағы қаулысына сәйкес, Алакөл көлінің жағалауына келетін азаматтар үшін ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеру жүргізу және оның нәтижелерін ұсыну талабы қойылмайды.

Айта кетейік, «Ashyq» жобасына қатысатын тасымалдаушыларды қоспағанда, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар белгілі бір шектеулермен жүзеге асырылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT