Алакөлде биыл 1,5 млн жуық адам демалады деген жоспар бар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алакөлдің туристік әлеуетін дамыту бағытында қолға алынған нысандар құрылысының уақытлы аяқталуы ерекше бақылауда болуы керек. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев ауданға сапары барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жағалауды абаттандыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Соның ішінде, Ақши ауылының сумен жабдықтау жүйесі жаңартылды. Жыл соңына дейін Үшарал қаласы әуежайының ұшып-қону жолағының, Қабанбай-Көктұма автожолының жөндеуі аяқталады. «Қазақстан темір жолымен» «Тальго» жүрдек пойызын жүргізу туралы меморандумға қол қойдым. Бұл рейстер жергілікті бюджет есебінен субсидияланады»

, - деді Қанат Бозымбаев.

Алматы облысында жолдардың 89%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, бұл көрсеткіш Алакөл ауданында - 44,5% ғана. Биыл аудандағы 32 км жолды қалпына келтіруге 1,3 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, электр қуатымен және сумен жабдықтау проблемалары да шешімін тауып жатыр.

Осындай шаралардың арқасында биылғы жаз маусымында Алакөл көлінің жағалауына 1,4 млн демалушы келеді деп жоспарланып отыр. Облыс әкімінің айтуынша, барлық жоспарланған объектілер құрылысының дер кезінде аяқталуы ерекше бақылауда болуы керек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жазғы демалыс маусымында Алакөл аймағына 11 пойыз қатынайды.

Сондай-ақ, Алакөл маңындағы әуежай жөндеуден өтіп жатқаны хабарланған.



Соңғы жаңалықтар