Алакөлде «бес жұлдызды» демалыс кешені ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Алакөл жағалауында «бес жұлдызды» демалыс орны ашылды. 4 млрд теңге инвестиция тартылған кешен 450 адамға лайықталған. Ғимараттың ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Баталов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баршаңызды заманауи көпсалалы «Көктем Гранд Ресорт» қонақжай кешенінің ашылуымен құттықтаймын. Осы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Алакөлге жұмыс сапарымен келген кезінде көл жағалауының инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ бұл жұмыстарды әрі қарай да қарқынды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондықтан да бүгінгі ашылып отырған «бес жұлдызды» заманауи қонақжай кешені - Елбасы тапсырмасын орындау жолындағы тағы бір қадам деп санауға болады. Осы тұста дәл осындай ауқымды жобаны жүзеге асырғаны үшін жерлесіміз, кәсіпкер Мұрат Әділхановқа ерекше алғысымды білдіремін», - деді Амандық Баталов.

Белгілі болғандай, көпсалалы қонақжай кешеніндегі 107 бөлмеге 450 адам жайғаса алады. Оның 97-сі стандартты, 4 - люкс және біреуі президенттік люкс санатындағы бөлмелер. Кешеннің жалпы аумағы 16 га, оның 10 гектары саябаққа арналған. Ғимарат 5 қабаттан тұрады. Жобаның жалпы құны 4 млрд теңге. Демалыс орнында 80 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда туристерге  жазғы терассасы бар кафе, монша, караоке клубы, дүкен, балалардың ойын алаңқайы, волейбол және үстел теннисінің алаңы, кітапхана, автотұрақ пен өзге де жайлы жағдайлар қарастырылған.
null null 

Айта кетер болсақ, Алматы облысының әкімдігі Алакөл жағалауының инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөліп келеді. Қазіргі таңда Алакөл ауданында туристерді қабылдауға әзір 213 нысан бар. Бұл облыстағы барлық туристік қызмет көрсететін нысандардың 30% құрайды (облыс бойынша 701 нысан).

null 

Соңғы жаңалықтар