Алакөлде «Бәйтерегі» бар «Астана» саябағы ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында «Астана» саябағы ашылды. Жаңа демалыс орны Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында халықтың игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Елорданың 20 жылдық мерейтойына тарту болған саябақтың аумағы 7 гектарға жуық. 347 млн теңге жұмсалған орында демалушылар үшін барлық жағдай жасалған. Саябақ елорданың  бір бөлігі іспеттес.

nullАлакөлге демалуға келген туристер Сарыарқа төріндегі «Бәйтеректің»  көшірмесін Үшарал қаласынан да  көре алады.

null«Астана» саябағының ашылуына 5 мыңнан аса халық қатысты. Жиналған қауымға Мәдина Сәдуақасова бастаған эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

Салтанатты кеште Алакөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысқан іскер азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.

  null 

Соңғы жаңалықтар