Алакөлде 20-ға жуық БАҚ өкілдері мен блогерлер бас қосты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл екінші жыл қатарынан Алматы облысындағы Алакөл көлінде «BlogCamp - Alakol summer school»  шарасы өтіп жатыр,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Шараға белгілі блогерлер, баспасөз хатшылары мен республикалық, өңірлік БАҚ өкілдері, ақпарат саласының белсенді тұлғалары қатысуда. Ақпарат саласының мамандары Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған бағыттарын насихаттауда қандай жаңа ақпараттық құралдарды қолдану керектігі жөнінде де өзара пікір алмасады. Жалпы шараға 20 адам қатысып жатыр», - деді облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі директорының орынбасары Жанна Арынбекова. 

Басқосуды Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырып отыр. Жиында Telegram-ның негізгі артықшылықтары, трендтері жөнінде қазақстандық саясаттанушы, белгілі блогер Ербол Еділов мастер-класс өткізуде. 

Айта кету керек, бұл шара алғаш рет ұйымдастырылғанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы келіп,  игі бастаманың  негізгі мақсаттарының бірі - айдынды Алакөлді өзге өңірлердің тұрғындарына көрсету, насихаттау екендігін  атап өткен еді. Себебі шараға Атырау, Астана, Алматы қалаларынан да блогерлер келген болатын.

Сондай-ақ біліктілікті арттыруға арналған жиынға белгілі саясаттанушы Айдос Сарым қатысып, мастер-класс өткізген. 

Соңғы жаңалықтар