Алакөл жағасында бірнеше демалыс базасы өртеніп жатыр

Фото: Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс базасында алапат өрт болып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 шілде күні 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл жағасындағы демалыс базасында өрт шықты. Қатты желдің кесірінен қызыл жалын қас пен көздің арасында көрші базаны шарпып үлгерді. Алдын ала мәлімет бойынша, 1000 шаршы метр аумақ жанып жатыр. Сондай-ақ, құрғақ шөп те өртенуде», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде Алакөлдегі өрт түсірілген видеолар жарияланып жатыр. Желі қолданушылары демалыс орнындағы адамдардың қауіпсіз жерге шыққанын, кейбірі өртті сөндіруге атсалысып жатқанын айтады.
«Абай облысы Үржар ауданында Алакөлдің жағасындағы демалыс базаларында өрт шықты. Тура Арбаттың ортасындағы Айгерім, Әлихан, Жұмағазы, Керуен деген демалыс базалары жанып кетті. Біз де көмектестік. Өрт сөндірушілер келді. Бәрі жабылып өшірді. Базалар іркес-тіркес салынған ғой. Бірталай үй отқа оранды. Адамдардың бәрі қауіпсіз жерге қарай қашып шыққан. Бүкіл базада жарық жоқ, Алакөлдің айналасында далада отырмыз», - деп хабарлайды Қазақстанның шығыс өңіріндегі туризмді дамытуға атсалысып жүрген азамат, журналист Дарын Нұрсапар.



Соңғы жаңалықтар