Алакөл жағалауында жаз басталғалы бері 1200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауында жаз басталғалы бері 1200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маусым айынан бастап Алакөл жағалауына қоғамдық тәртіпті күзету мақсатында 50 полиция қызметкері тартылған. Олар тәулік бойы көлде демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жағалауды патрульдейді.

Осы уақытқа дейін тәртіп сақшылары Алакөл жағалауында 1200-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның 820-ы жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу болса, 347-сі қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері.

«Азаматтардың суды ортақ пайдалану ережелерін сақтауларына да ерекше көңіл бөлінеді. Халық көп шомылатын орындарда кіші көлемдегі жүзетін құралдармен жүрген 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.


Соңғы жаңалықтар