Алакөл жағалауына радонды су келетін құбыр тартылуы мүмкін

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ыстық радонды су келетін құбырдың құрылысы Алакөлдегі демалыс маусымдылығына өзгеріс енгізуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қадағалау органдарына санаторлық-курорттық мекемелерде ем алушыларға емдік минералды суларды ұсыну бойынша Аустрияның тәжірибесін зерделеуді тапсырды.

«Егер емдік ыстық суды қайнар көзден тікелей жағалауға жеткізе алсақ, келушілер үшін демалыстың мүлде басқаша түрін ұсынған болар едік. Тиісінше, бұл мәселені ерекше бақылауға алу керек. Ең алдымен, мұндай суды халықаралық деңгейде салынған жағалаудағы қонақүйлердің аумағына жеткізу керек», - деді Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар