+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Алакөл жағалауына концерт алаңы салынады

2020 жылғы 3 маусым 14:42
Бөлісіңіз:
Алакөл жағалауына концерт алаңы салынады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақтың «ұлттық коды» сақталған Ықылас музейіне саяхат Қазақстандық бишілер World Folk Vision-2020 байқауында екінші орын иеленді Елордада ауқымды абаттандыру жүргізілуде

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукованың айтуынша, бірінші жоба аясында төрт жұлдызды қонақүй бой көтермек. Қазіргі уақытта оның құрылыс жұмыстары басталып та кеткен. Туристік объектіде демалушыларға қажетті барлық жағдай жасалады. Сондай-ақ онда бассейн мен барларға арналған ойын алаңы салынады.

«Екінші жоба – ашық аспан астындағы сахна және би алаңы. Осылайша жағалауда 3,5 мың адамды қамтитын концерт алаңы болады. Ол Юрмала қаласының үлгісімен салынбақ. Мұнда ауқымды шаралар өткізіледі деп жоспарлап отырмыз», - дейді Инара Бодукова.

Айта кетейік, аталмыш жобалар аясында инвесторларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT