Алакөл табиғи паркінде жарылыстан 1 адам қаза тауып, жетеуі жарақаттанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 сәуірде сағат 15:00 шамасында Алматы облысы Үшарал қаласында Алакөл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігінің аумағында автоцистерна сорғышына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болды. Соның салдарынан Алакөл аудандық ауруханасына түрлі жарақат алған 8 жұмыскер жеткізілді. Олардың біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды», - делінген ҚР ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі таңда жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар