Алакөл мен Бурабайға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесі ПТР-тесттен өтуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесінде ПТР-тест анықтамасы болуы керек. Бұл талап туралы МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты коронавирус инфекциясының таралуын шектеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтарда карантиндік шаралар қайтадан енгізілгенін білесіздер. Осыны ескере отырып, кейбір өңірлердегі демалыс орындарында және курорттық аймақтарда, атап айтқанда Шығыс Қазақстандағы Алакөл жағалауында және Шучье, Бурабай курорттық аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы санитарлық дәрігердің қаулылары қабылданған болатын. Курорттық аймақтардағы орналастыру орындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төленген броньдар бойынша ақшалай қаражатының қайтарылуын болдырмау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, қабылданған санитарлық дәрігерлердің қаулыларына кейбір толықтырулар енгізу мүмкіндігі талқыланды», - деді Дастан Рыспеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осы жұмыстың нәтижесінде Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында, сондай-ақ Шучье, Бурабай курорттық аймағында орналасқан курорттық аймақтар бойынша ортақ шешім жасалған.

«Атап айтқанда, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қызметімен берілген тиісті дайындық актілері бар орналастыру орындарында алдын ала төленген броньдар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етілді. ШҚО-дағы Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесінде ПТР-анықтамасы болса бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуына болады. Блок-посттардағы өткізу жүйесі туристерде орналастыру орындары ұсынған броньның бар-жоғы туралы деректермен салыстырылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар