Алабама университетіндегі атыс: 2 адам оққа ұшып, үшеуі жараланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та Алабама штатының мемлекеттік университетінің алдында атыс болып, екі адам оққа ұшты, тағы үш адам жараланған. Бұл туралы жұма күні New York Post газеті хабарлады.

Басылымның жазуынша, жараланғандардың екеуі хал үстінде жатыр.

Полиция университет басшылығымен бірлесіп оқыс оқиғаны тергеуге кірісті. Әзірше күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар