Альварестің соңғы жекпе-жегі GGG-ден жеті есе артық PPV жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафальдің сөзіне қарағанда, өткен сенбі күні Сауль «Канело» Альварес пен Хулио Сезар кіші Чавестің арасындағы жекпе-жегі кезінде, кем дегенде, 1 миллион PPV (pay-per-view - ақылы трансляциялар) сатылды, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әзірше, Канело -Альварестің жекпе-жегі бойынша PPV-дің нақты саны ресми түрде жарияланған жоқ.Алайда маған түскен ақпаратқа сәйкес, ақылы трансляциялардың саны бір миллионнан кем болмайды. Мұндай жекпе-жек үшін бұл - жақсы көрсеткіш», - деп жазды Рафаэль әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен өткізген соңғы жекпе-жегі кезінде 170 мың PPVсатылған болатын. Ал үстіміздегі жылы 16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен кездеседі.Олардың жекпе-жегі орта салмақта (160 фунт) өтеді. Головкин барлық төрт белбеуін сарапқа салса, Альварес тек The Ring журналының белбеуін шығарады. Бұдан басқа оның атағы жоқ. Соған қарамастан, екі боксшының келісімінде реванш алу мүмкіндігі тек мексикалық боксшыға ғана беріліп отыр. Головкин ұтылса, реванш талап ете алмайды. 

Соңғы жаңалықтар