Альварестің командасы халықтың көңілін басқа жаққа бұрып жіберді - сарапшы Беленький

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс саласының шолушысы, танымал ресейлік сарапшы Александр Беленькийдің ойынша, Головкин - Альварес жекпе-жегінде жеңісті мексикалық боксшыға беріп қойған бір төрешінің әділетсіз шешімі  тамаша ойластырылған жоспар. 

Ұйымдастырушылар онымен халықтың барлық наразылығын бір адамға бұрып жіберді. Ал жекпе-жектің жалпы шешімі назардан тыс қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аделаида Берд  ол ұйымдастырушылардың алдын ала ойластырып қойған қадамы, «кемеңгер» жоспары. Оның атақ-абыройы баршаға аян. Бұған дейін ол ылғи қисық шешімдерді, қарама-қайшы есептерді шығарып келді. Оған қоса, Альвареске жанкүйер болып жүр. Оны бәрі біледі. Демек, оның жеңісті мексикалық боксшыға беріп қоятыны белгілі. Осылайша, халықтың наразылығын соған қарай бағыттауға тамаша мүмкіндік туды. Барлығы оны таптай бастады. Ол келіншек өз рөлін атқарып шықты. Ал оны қалай разы қылғанын өзі біледі. Негізгі мәселе мынада, жекпе-жектің жалпы әділетсіз шешімі назардан тыс қалды», - дейді Беленький.

Айта кетейік , өткен демалыс күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Геннадий Головкин мексикалық -Сауль «Канело» Альвареспен тең түсті.  Дәл осы шешіммен жанкүйелер де, сарапшылар да келіспей отыр. Әсіресе, 118-110 есебімен жеңісті Альвареске беріп қойған Аделаида Бердтің есебіне наразылық қатты. 

Соңғы жаңалықтар