Альвареспен жекпе-жек алдында Головкин кіммен жұдырықтасуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Worldboxingnews.net ақпарат агенттігі Геннадий Головкиннің алдағы болашағы мен Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегіне қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» - Головкин трилогиясының мерзімі қысқа. Бұл айқас қыркүйекте болуы керек. Оның алдында «Канело» екі рет алдын ала жекпе-жек өткізеді. Әуелі 168 фунтта Филдингпен жұдырықтасады, сосын «Синко де майода» Джейкобспен қолғап түсйістіреді. Бұл Головкиннің DAZN-ға қосылып, Matchroom Boxing-пен жұмыс істейтін WBO чемпионы Деметриус Андрадемен айқасуына мүмкіндік береді. Ол жеңіс пен белбеу Головкин үшін орасан зор жетістік болады. Және ол Головкиннің күзде «Канеломен» жекпе-жекке шығатынын білдіреді», - деп жазады басылым. 

null 

Соңғы жаңалықтар