Альвареске түрлі салмақтағы титулдарды бір мезгілде иеленуге рұқсат берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) мексикалық боксшы Сауль Альвареске (51-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA Super және екінші орта салмақтағы WBA чемпиондық титулдарын бір мезгілде иеленуге рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа қаулыға сәйкес, WBA Альваресті орта және суперорта салмақ санаттарындағы әлем чемпионы деп таныды. Қыркүйек айында ол Головкинді жеңіп, WBA Super және WBC чемпионы болды, ал желтоқсанда WBA-дің екінші орта салмақтағы «тұрақты» чемпионы атағы үшін Филдингті оңай жеңді. Кіші Флойд Мэйвезерге қатысты тура осындай шешім қабылданған болатын: WBA оған әртүрлі салмақ санаттарындағы чемпиондық белдіктерді иеленуге рұқсат берді», - деп жазады FightNights.com.

Еске салайық, Альварес пен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы реванш төрешілердің шешімімен мексикалықтың пайдасына аяқталды.

Қазіргі уақытта үшінші айқасқа қатысты мәселе қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар