Альварес спорттан уақытша шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Sports.kz.
Боксшының тағдыры бұдан әрі қалай болатындығы аталған комиссияның 10 сәуірде өтетін отырысында белгілі болады.
Еске салайық, наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварес тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтірген болатын.
Головкин мен Альварестің реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Қазақстандық теннисші Анталиядағы ATP Challenger турниріне қатысады
- Қазақстанның үздік теннисшілері рейтингтегі орнын сақтап қалды
- Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алтыншы орын алды
-
Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды
-
Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде рекордын жаңартты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам