Альварес Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге бекініп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 2018 жылдың мамырында Головкинге қарсы реванш өткізуге бекінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Univision.com сайтында Альварестің «Мен қазір реванштан (Головкинге қарсы) басқа жекпе-жек өткізуді қаламаймын. Бұл жекпе-жек 2018 жылғы менің алғашқы жекпе-жегім болуын қалаймын, оны ұйымдастыруға тырысып бағамыз. Айқас нәтижесіне таң қалдым, өйткені тең түсуді қаламаған едім. Мен жеңдім деп ойлаған едім. Бірақ бұл бокс», - деген сөзі жарияланған.

Боксшының сөзіне қарағанда, реванш туралы ойлануға бірінші жекпе-жек өте жақсы шыққанын айтқан досы себеп болған. Бұдан соң Сауль адамдардың рематч көруді қалайтынын түсінген.

GGG - Альварес рематчы келер жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар