Альварес бір уақытта екі салмақ дәрежесінде чемпион болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте (АҚШ) танымал Madison Square Garden аренасында WBC/WBA тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (51-1-2, 35 КО) супер орта салмақтағы WBA чемпионы британдық Рокки Филдингты (27-2, 15 КО) оп-оңай жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бокс басталардың алдында-ақ боксшылар арасындағы айырмашылық көрініп тұрды. Алғашқы екі раундта британдық бауырынан соққы алып, екі рет нокдаунға түсті. Альварес қарсыласының әлсіз тұсын байқап, үшінші раундта британдықтың бауырына шабуылдай бастады. Тағы екі рет нокдаунға түсіп, айқас мексикалықтың жеңісімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар