Альпинистерді құтқару: Құтқарушылар тікұшағы Қарқараға қонды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тянь-Шань тауының Қырғызстан жағында қалған альпинистерді құтқару үшін ҚР Қорғаныс министрлігі жіберген әскери альпинистер Қарқара биігіне қонды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстанның әскери альпинистер тобы толық құраммен 2200 метр биіктіктегі Қарқара шатқалына, Жеңіс шыңының базалық лагеріне жетті. Тауда ауа-райы құбылмалы. Сондықтан, тікұшақ бұл нүктеден биікке көтеріле алмады», делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 14 тамыздан бері Тянь-Шаньның солтүстік және оңтүстік мұздықтарда жауын-шашын толастамаған. Беткейлерде терең қар жамылғысы пайда болып, көшкін қаупі туындаған. Құтқарушылар күн ашылған жағдайда алпинистреді тепловизордың көмегімен іздеу үшін Қарқарада аялдауда. Альпинистер табылған жағдайда, бірінші кезекте дәрі-дәрмектер тасталады. Дәл қазір биікке өрмелеудің пайдасы жоқ. Күн ашылмайынша, таудың қуыс-қуысынан альпинистерді табу мүмкін емес», - дейді құтқару операциясының жетекшісі аға лейтенант Василий Пивцов.

Әскери альпинистер күн ашылған бойда тікұшақпен іздеуге шықпақ. Соңғы рет жоғалған альпинистер 6500 метр биіктіктен байланысқа шыққан болатын.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

Соңғы жаңалықтар