+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Альпинистерді іздестіру: Мақсұт Жұмаев бүгінгі жұмыстардың нәтижесін айтты

2019 жылғы 20 тамыз 21:01
Бөлісіңіз:
Альпинистерді іздестіру: Мақсұт Жұмаев бүгінгі жұмыстардың нәтижесін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, капитан Мақсұт Жұмаев Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстарының бүгінгі нәтижесі туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді іздеу тоқтатылды - ТЖК

«Таңертең Жеңіс шыңын тікұшақпен аралап шықтық. Жоғалған альпинистерді іздестірудің болжамды территориясы белгіленді. Ол жерге тікұшақтармен сегіз рет шолу жүргіздік. Альпинистер болуы мүмкін жерлерді қарауды таңертең жалғастыру шешімі қабылданды. Жұмыстар жалғасуда. Ауа райы жағдайы да бұған мүмкіндік беріп отыр. Ертең таңертең күн райына қарай қайта ұшамыз», - деді ол ҚР Қорғаныс министрлігі ұсынған видеода.

Министрлік бұған дейін ұсынған мәліметте Қазақстан әскерилері Қырғызстанда Жеңіс шыңын тепловизормен шолғындап, айнала ұшып шыққанын мәлім еткен болатын. «Қазіргі уақытта олар базалық лагерьде. Тепловизордың көмегімен алынған ақпаратты өңдеп жатыр. Содан кейін бұдан әрі қалай әрекет ету керектігі шешілетін болады», - делінген еді ақпаратта.

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кетті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек құзға өрмелеушілердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Көп ұзамай ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастағанын мәлім етті. Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев жетекшілік етуде.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың 17 тамызында Бішкектегі қазақстандық консулдыққа Қазақстанның 3 альпинисі Тянь-Шань тауының (Қырғызстан, Ыстықкөл облысы) Жеңіс шыңында жоғалып кеткендігі туралы ақпарат түсті. Қазақстан азаматтары Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулиннің 4 тамыз күні Жеңіс шыңына сапарлап шыққандығы анықталды. Олардың барлығы да кәсіби және тәжірибелі альпинистер. 14 тамызда олар аталған шыңды бағындырған. Сол күні ауа райы нашарлап кеткен.

Альпинистер 15 тамыз күні шамамен сағат 08.15-те соңғы рет байланысқа шығып, орын алған жайтқа қатысты дабыл қаққан. Сондай-ақ, олар А.Чечулиннің қаза тапқандығын естірткен. Альпинистер дабыл қаққан сәтте олар 6 900 метр биіктікте болған. Шатырлары мен жабдықтарын жел ұшырып кеткен. Олар қардан шұңқыр қазып, соған жасырынғандықтарын айтқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT