Альпинистер «Астананың 20 жылдығы» шыңына шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шы шың елорданың 20 жылдығына орай - «Астананың 20-жылдығы» (3 446м) аталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kazakh Tourism компаниясына сілтеме жасап.
Астананың 20-жылдығына арналған іс-шаралар аясында, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті тапсырмасы бойынша Қазақстанның 20 шыңына экспедиция ұйымдастырды.
Осы экспедицияны ұйымдастыру барысында туристік, экстремалдық спорт түрлерін дамытуға, экотуризм және трекинг бағдарларын ұйымдастыру үшін әлеуеті жоғары 3 өңір таңдалып алынды (Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары).
Экспедиция аясында осы бағдарлардың барлығы тыңғылықты зерттелді. Ол үшін кәсіпқой альпинистер шақырылған болатын. Жалпы алғанда шараға 100-ден астам адам, оның ішінде кәсіби альпинистер және тәжірибелі саяхатшылар, танымал блогерлер қатысты. Экспедиция нәтижесі бойынша олар осы маршруттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарын әзірлейді.
«Осы экспедиция Қазақстанның 5 негізгі таулы аймақтарын - Орталық Тянь-Шань, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай мен Өгем жотасын қамтыды. Олардың нәтижесі бойынша жаңа туристік және альпинистік бағдарлар ашылады, ал жинақталған фото- және видеобанк жарнамалауға, жергілікті халықты ішкі туроизм мен альпинизмге шақыруға қолданылатын болады.
Бүгінгі альпиниада болса ерекше болып табылады - өйткені альпинистер бағындыратын соңғы биіктік «Астананың 20 жылдығы шыңы» деп аталатын болады», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.
Жоба жетекшісі Арман Хасенов, бұл экспедиция Қазақстан үшін маңызды екенін айтып өтті.
«Жоба таулардың араларын зерттеуге, туристік әлеуетке баға беру мен инфрақұрылымды жақсартуға кеңес беру және жаңа Қазақстан туристік өнімін құруға бағытталған», - деді Арман Хасенов.
Бүгінгі таңда Тянь-Шань тауларының Қазақстан жағы айтарлықтай танымал емес, сондықтан осы шараның мақсаты қазақстандықтар мен дүние жүзіне елімізде тау туризмін дамытуға әлеуеті бар екенін көрсету. Келешекте экспедиция барысында жиналған материалдар туристік бағдарламалар мен тиісті халықаралық гайбуктерге енгізілетін болады.
Естеріңізге салайық, экспедиция Тань-Шань тауларының солтүстігінен Нұрсұлтан шыңынан басталды. Оның биіктігі - 4330,9 м. Экспедиция барысында қамтылған таулар 3 200 м төмен емес, оның ең биігі - Алтай тауларында орналасқан Мұзтау шыңы - 4506 м. Батыс Тянь-Шаньдағы жаңа «Астананың 20-жылдығы» атауын алатын шың экспедиция қамтыған соңғы тау шыңы болады.
Астананың 20-жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» іс-шаралары тек Астанада емес, басқа да аймақтарда жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Шаралар Қазақстанның жетістіктерін көрсетуге және қазіргі заманға лайықты және қауіпсіз қала, тарихи-мәдени, ғылыми, еліміздің іскерлік орталығы ретіндегі имиджін ілгері жылжытуға бағытталған.
- Мәдениет, спорт және туризм - бұл салаларды биыл қандай өзгерістер күтіп тұр
- Шымкентте баласын ұрып өлтірген өгей әке 8 жылға сотталды
- Алматы агломерациясының тау кластеріне $1 млрд қаржы тартылады
- Түркістанда көпфункционалды заманауи жастар орталығы ашылды
-
Түлкібас ауруханасында заманауи қабылдау бөлімі ашылды - Түркістан облысы
-
Ирандық инвестор Бәйдібек ауданында кірпіш зауытын салады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам