Альпі тауының Франциядағы аумағында бір жарым айда 140 жер сілкінісі болды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Альпі тауларының Франциядағы тау сілемдерінде бір жарым айда 140 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Local-ға сілтеме жасап.

Жер сілкіністерін бақылайтын SISMalp ұйымы соңғы Француз Альпі тауларының Савойя департаментінде 40 күн ішінде 140 жер асты сілкінісін тіркеген. Соның ішіндегі ең күшті дүмпудің қуаты Рихтер шкаласы бойынша 3.8 балға жеткен. Бұл дүмпулерден ешқандай зардап шекпегенмен, жергілікті тұрғындар сейсмикалық белсенділіктің артуына алаңдап отыр.

Сейсмологтар аймақтағы жерасты дүмпулерінің күрт арту себептерін түсіндіре алмай жатыр. «Тосын құбылысты бақылап, дұрыстау түсіну үшін» тау аңғарына бес жаңа қондырғы орнатылды.

Соңғы жаңалықтар