«Әл-Каида» мүшесі Әбу Анас Либи Нью-Йоркте қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қазан айында Триполиде америкалық арнайы жасақпен ұсталған АҚШ-ғы Кения және Танзания Елшілігінің жарылысын ұйымдастыруда айыпталып отырған Әбу Анас Либи Нью-Йорк ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы оның қорғаушысы хабарлады.

Ақпараттық технологиялар бойынша 50 жастағы маман ұзақ уақыт бойы федералдық тергеу бюросының ең қатты ізделіп отырған адамдарының тізімінде болды. Оны ұстаған адамға 5 млн. доллар сыйақы беру уәде етілді.

1998 жылдың мамырында оның ұйымдастыруымен болған Шығыс Африкада болған лаңкестік әрекеттердің саладрынан 223 адамның өмірін қиды. Ал Либи болса бұл қылмысын мойындамады.

Қорғаушы Бернард Кляйнманның сендіруінше, оның қорғауындағы Әбу Анас Либи С гепатиті мен бауыр ісігіне шалдыққан.

Соңғы жаңалықтар