«Al Hilal» Исламдық банкі Қазақстан экономикасына 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын

None
None
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Al Hilal» Исламдық банкі Қазақстан экономикасына 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын.

Бұл туралы бүгін Астанада исламдық қаржыландыру жүйесі бойынша өтіп жатқан конференция барысында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Al Hilal» Банк Қазақстан басқармасының төрағасы Прасад Абрахам мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Абу Даби Үкіметі Қазақстанға 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция жасауды мақұлдап отыр. Атап айтқанда, банк еліміздегі корпоративтік секторға, өнеркәсіпке, тау-кен саласындағы, сондай-ақ автомобильдер жолдары құрылысының жобаларын қаржыландыруға қатысуға ниетті. «Біз бұл соманы Қазақстанға инвестициялауға дайынбыз. Бірақ барлық нормативтерді сақтау қажет», деп атап өтті басқарма төрағасы.

Сонымен қатар ол биылғы жылы банк 200-250 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция бағыттауға дайын екенін, сондай-ақ бұл қаржы алдағы жылдары артатынын жеткізді. П. Абрахам қазіргі кезде нақты жобаларды қаржыландыру бойынша шаралар анықталмағанын, бірақ Үкіметпен, минстрліктермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, биылғы жылдың бірінші тоқсанында аталған «Al Hilal» Исламдық банкі Қазақстанда ашылатын болады.

Соңғы жаңалықтар