Әл-Фараби туралы фильм түсірілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев «әл-Фараби іздерімен» атты республикалық ғылыми-зерттеу экспедициясының құрамында Түркия, Ливан және Сирия елдерінде сапарда болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай жүзеге асатын шаралар бойынша 2020 жылы Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фарабидің 1150 жылдығын ЮНЕСКО аясында атап өту жоспарланған болатын.

Қазақ ұлттық университеті ғұлама ғалымның 1150 жылдығына дайындық аясында медиакомпаниялармен бірлесе отырып, әл-Фарабидің өмірі мен қызметіне арналған бірнеше деректі фильм түсіруді қолға алды. Қазіргі кезде әл-Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» төртінші деректі фильмі бойынша жұмыстар атқарылуда. Біздің еліміздің фарабитанушы жетекші ғалымдары, қоғам және мәдениет қайраткерлері құрамына енген арнайы ғылыми-зерттеу экспедициясы «әл-Фараби іздерімен» фильмін түсіру мақсатында кино түсіру жұмыстарын бастап кетті.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданының әкімі болған кезде тарихи-өлкетану мұражайының құрылысын салуға, әл-Фарабидің ескерткішін ашуға және ежелгі Отырардағы архелогиялық қазба жұмыстарын жандандыруға ықпал еткен Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев экспедиция құрамына енген болатын.




Соңғы жаңалықтар