+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Мемлекет басшысы

2019 жылғы 2 қыркүйек 11:32
Бөлісіңіз:
Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абай шығармалары ұлттық кодымызды бекіте түсті – Қадыр Жүсіп Алматыда «Абайға оралу» атты онлайн концерт өтті Шымкентте Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

«Келер жылы аталып өтілетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Ендігі жылы бәріміз Әл-Фарабидің 1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ ең маңызды мерекеге - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігін атап өтті.

«Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін», - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 26 тамызында Мемлекет басшысының Жарлықтармен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT