Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты шектеуге қатысты әкімдік түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі әл-Фарабиде жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін шектеледі деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты сағатына 80-нен 60 км-ға түсіру мәселесі Алматы қаласының әкімдігінде қарастырылып жатқан жоқ», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы әкімдігінің әл-Фараби даңғылындағы рұқсатты шекті жылдамдықты қайта төмендету мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Айта кету керек, Әл-Фараби даңғылында, Шығыс айналма жолы, Саин көшелерінде 2019 жылдың 15 қаңтарында жол апаты санын азайту мақсатында жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға төмендетілген болатын.

Алайда, қоғам өкілдерінің өтінішіне байланысты әкімдік жылдамдық режимін 80 шақырымға қайта өзгертті.


Соңғы жаңалықтар