Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдық режимі қалпына келтірілген соң не өзгерді ?

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Әл-Фараби, Шығыс айналма жолы, Саин көшелерінде сағатына 80 шақырым жылдамдық режимі қайтарылған соң жол ахуалында не өзгеріс болғанын қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы учаскелерде жылдамдық режимі қайта қалпына келген соң жолдағы көліктердің қозғалысы жеңілдеді. Алайда жол апаты азайды деп айта алмаймыз. Даңғылдың бойында «Сергек» камераларын орнаттық. Жылдамдық сағатына 80 шақырым болатын Әл-Фараби даңғылында, Шығыс айналма жолында жол ережесін бұзу әрекеттерін камералар арқылы бақылап отырмыз», - деді ПД басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде қалада «Сергек» камераларының 404 посты орнатылған. Жыл соңына дейін Төле би, Абай, Әл-фараби даңғылдарында тағы 362 камера орнату көзделген.

Айта кету керек, Әл-Фараби даңғылында, Шығыс айналма жолы, Саин көшелерінде 2019 жылдың 15 қаңтарында жол апаты санын азайту мақсатында жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға төмендетілген болатын.

Алайда, қоғам өкілдерінің өтінішіне байланысты әкімдік жылдамдық режимін 80 шақырымға қайта өзгертті.


Соңғы жаңалықтар