Әл-Фараби даңғылында 80 км/сағ жылдамдыққа рұқсат беретін белгілер орнатылуда

2019 жылғы 26 тамыз, 12:41
Әл-Фараби даңғылында 80 км/сағ жылдамдыққа рұқсат беретін белгілер орнатылуда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының әл-Фараби даңғылында сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат беретін белгілер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзгерістер әл-Фараби даңғылының кейбір учаскелерінде байқалады. Жол қызметкерлері жылдамдықты шектеу белгілерін 80 км/сағ ауыстыруды жалғастыруда.

photo

Еске салайық, осы жылдың 15 қаңтарынан бастап қаладағы жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ жолдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында көлік жылдамдығы Шығыс айналма жолы, әл-Фараби даңғылы, Саин көшесінде сағатына 80 шақырымнан, 60 шақырымға төмендетілген болатын. Ол кезде шаһарға Бауыржан Байбек б асшылық еткен еді.

Кейін қаланың жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Instagram-парақшасына аталмыш жол учаскелерінде сағатына 80 шақырыммен жүруге қайта рұқсат беру туралы өтініштер түсе бастады.

Нәтижесінде, яғни 19 тамыз күні әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында сағатына 80 шақырыммен жүруге рұқсат берілді.

photo


Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar