Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды. ҚазАқпарат Президент жарлығының толық мәтінін жариялайды.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) «Ұлттық құрамы бар, балаларға арналған және емдік-профилактикалық тағам өнімдерін ғылыми әзірлеу және өнеркәсіптік өндіру бойынша инновациялық кластерлер» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:«Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Төрегелдi Шармановқа;

«Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері Жанкелді Мұсылманбекұлы Әбжаппаровқа;

«ЕвразияИнвест LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қадырбек Қақуұлы Мейрамбековке;

«ЕвразияИнвест LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі Ғалымжан Қадырбекұлы Мейрамбековке;

«Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вице-президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор Юрий Александрович Синявскийге;

«Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Сергей Александрович Терещенкоға;

«Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Қазақ тағамтану академиясы» қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы Руслан Борисович Юнге;

2) «Қазақстан Республикасы табиғи-шаруашылық жүйелерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында сумен тұрақты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстар циклі» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ахметқал Медеуге;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, география ғылымдарының кандидаты Саят Құрбанбайұлы Әлімқұловқа;

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес Исабайұлы Есполовқа;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Игорь Михайлович Мальковскийге;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Игорь Васильевич Северскийге;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету және математикалық модельдеу зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Лидия Серғазықызы Төлеубаеваға;

«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су ресурстарын бағалау зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты Айсұлу Алашқызы Тұрсыноваға;

3) «Мал шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық жетістіктер (мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, ветеринария)» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Дәурен Маратұлы Бекеновке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Мурат Ашрафович Алиевке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылымдар академиясының академигі Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Николай Петрович Ивановқа;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы Айдар Мырзахметұлы Наметке;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Төлеухан Садықұловқа;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі Сәуле Нұрғалиқызы Сарымбековаға;

«Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Әкиұлы Сұлтановқа;

4) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай құбыры маршруттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін: «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ескендір Қалыбекұлы Бейсембетовке;

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының «Компьютерлік модельдеу және бағдарламалық қамтылым» бөлімінің басшысы, техника және технология магистрі Тимур Талғатұлы Бекібаевқа;

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Энергетикадағы модельдеу» ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұзақ Қайырбекұлы Жапбасбаевқа;

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым жөніндегі проректоры,«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Бақдәулет Кенжалыұлы Кенжалиевке;

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновация секторының бас менеджері, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ербол Махмотовқа;

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Қартаңбайұлы Саяховқа берілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар