Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Үндістанда халықаралық сыйлыққа ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Үндістанда халықаралық сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Нойда қаласындағы Амити университетінде өткен «Өзгеріске шақыру: технологиялық қоғамдардағы бизнесті басқару стратегиясы» INBUSH ERA-2020 Бүкіләлемдік саммитінде айтылды.

100-ден астам ел өкілдерінің басын қосқан саммитте нәтижелер шығарылып, түрлі номинациялар бойынша халықаралық сыйлықтардың иегерлері анықталды. Қазақстандық ғалым және елдегі жетекші университеттің басшысы «Amity Global Academic Excellence Awards» марапатына ие болды.


«Академик Ғалым Мұтанов әйгілі ғалым, түрлі халықаралық жобалардың бастамашысы және жетекшісі, жоғары мектептің танылған кәсіпқой маманы. Бұл марапат әлемдік ғылыми және білім беру кеңістігінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алға жылжуына ықпал ететін оның ғылыми еңбегі мен көшбасшылық қасиеттерінің жоғары бағалануы», - деді саммитте сөйлеген Амити университеттері желісінің вице-канцлері Гуриндер Сингх.

Марапат ғаламдық деңгейдегі ғылым, менеджмент және кәсіпкерлік саласындағы көшбасшыларға, жаңашылдарға және көрнекті ғалымдарға беріледі.


Соңғы жаңалықтар