Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төте жазу оқытылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төте жазу сабақтары оқытыла бастады. Бұл туралы аталған университеттің А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы хабарлады.

Бұл шара А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

«Ғалымның өз әдісі бойынша төте жазуды үйрету басталды. Сабақ жұма сайын сағат 17:00-18:00 аралығында филология факультетінің 301 – дәрісханасында өтеді»,-делінген хабарламада.

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, 1912 жылы ұлтымыздың өзіне тән дыбыстық ерекшеліктерін сақтай отырып, төте жазуды әліпбиін жасап шығарған болатын. Бұл жазу 1913- 1929 жылдары мектептерде оқытылып келді. Әліпбиді Қытайдағы қазақтар бүгінге дейін қолданып келеді.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА шетелдегі қазақтарды ақпараттық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылдың қазан айынан бастап төте жазумен ақпарат таратып келеді.

Сондай-ақ төте жазуды үйренгісі келетін оқырмандар үшін арнайы төте жазу үйрету сабақтары дайындалып сайтқа орналастырылды.


Соңғы жаңалықтар