+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Әл-Фараби адам ресурстарын түсінуге көп еңбек сіңірді – Ақтоты Райымқұлова

2020 жылғы 16 қазан 15:42
Бөлісіңіз:
Әл-Фараби адам ресурстарын түсінуге көп еңбек сіңірді – Ақтоты Райымқұлова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл жыл басынан бері 100-ден аса шара ұйымдастырылған.

«Коронавирус пандемиясына байланысты шаралардың көпшілігі қысқартылды. Негізінен, ғылыми зерттеуге бағытталған шараларға басымдық берілді. Өкінішке орай, жоспарланған экспедициялар болмай қалды. Жоспарланған қаражат республикалық бюджетке қайтарылды. Болашақта бұл жұмыс жалғасатын болады. Сондай-ақ, ғылыми зерттеу орталықтары ашылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Биыл ұлы шығыс ғұламасының еңбегін зерттеуге арналған ҚазҰУ мен басқа да шетелдік оқу орындарының қатысуымен онлайн конференциялар өткен.

Келешекте Түркістан облысының Оқсыз көне қалашығына жақын жерде шағын музейі бар Визит орталық ашылады.

Шәуілдір ауылында қазір осындай Визит орталығы бар. Ол жерден Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай қойылған ғылыми материалдарды, экспозицияларды көруге болады.

Одан бөлек, Ақтоты Райымқұлова атап өткенде, Сирияның Дамаск қаласында ұлы ғұламаның Визит орталығы мен музейі жұмыс істеп тұр.

«Ол орталықта ҚазҰУ бөлімшесі ашылады. Аталған бөлімшеде де биыл ғылыми және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Әл-Фараби адам ресурстарын түсінуге көп еңбек сіңірді. Одан бөлек, мәдениет пен музыкаға қатысты еңбектері де орасан зор. Ол өнерді адамзат тұрмысының маңызды бөлігі ретінде қарастырған. Сондықтан, зерттеушілер үнемі оның еңбектеріне оралады. Ғалымның еңбектері мен тұжырымдамасының маңызы орасан. Оның мұрасын әлемге таныстыру, насихаттау үшін бізге көп еңбектену керек», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT