Альберт Рау тұрғын үйлердің бір-біріне тым жақын салыну проблемасын көтерді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Альберт Рау инженерлік желілерге жүктеменің артуына байланысты көпқабатты үйлердің биіктігіне шектеу қою мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.

«Бұл жайында нақты айта алмаймын. Өйткені бекітілген бас жоспарға сәйкес инфрақұрылымның дамуы, көпқабатты үйлердің биіктігі ескерілген. Әрине, жер жеткілікті екені түсінікті, бірақ сонымен бірге экономикалық факторлар да бар. Қазіргі кезде су тапшылығы мен жылу беру жүйесінің тиісті деңгейде емес екенін байқап отырмыз. Бұл жағдай салада қандай да бір теңгерімсіздік бар екенін көрсетті. Сондықтан осы мәселе заң шығарушылық шешімге емес, басқарушылық саладағы шешімдерге қатысты болып тұр», - деді Альберт Рау Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол елорда аумағында ғимараттардың тым тығыз салануы мәселесіне тоқталды.

«Әрине, құрылыс нысандарының бір-біріне тым жақын салынуын құптамаймын. Астанаға қатысты айтсақ, сол жағалауда әлеуметтік нысандар салынуы тиіс жерде тұрғын үй кешендері салынып жатқанын көріп отырмыз. Бұл өз кезегінде нормаға сай келмейді, сондай-ақ тұрғын үйлердің арақашықтығы талаптары сақталмаған. Осының салдарынан тұрғындарға арналған әлеуметтік нысандар, демалатын саябақтар ескерілмеген», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар