«Әл-Бағдади ит өліммен өлді»: Дональд Трамп ДАИШ көсемінің көзі жойылғанын мәлімдеді

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат — ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдади Сирияда американың әскерилері жүргізген операция кезінде көз жұмды. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Voice of America» агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткен түні Құрама Штаттар әлемдегі нөмірі бірінші лаңкестік ұйым көсемін әділ жазаға тартты. Операция кезінде бірде-бір америкалық әскери жапа шеккен жоқ», - деп мәлімдеді Трамп.

Сондай-ақ, АҚШ басшысы әл-Бағдадидің көптеген жауынгері өлтірілгенін атап өткен.

Трамптың мәлімдеуінше, ДАИШ басшысы «өкіріп-бақырып» жерасты жолымен қашқан. Осылайша ол беліндегі жарылғыш затты іске қосып, үш баланың өмірін жалмай кеткен.

Президент оның ит өліммен өлгенін тілге тиек етті.

Трамп Бағдадиге қарсы операцияның өте сәтті өткенін айтады. Өз әскерилерінің кәсіби шеберлігі мен батылдығына ризашылығын білдіре келе ол осы операцияға қол ұшын берген Түркия, Ресей және Ирак елдеріне алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар