«Ақжол» партиясының ақтөбелік делегаты сайланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Ақжол» демократиялық партиясының конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Ақжол» демократиялық партиясы кезектен тыс XV Съезіне делегат сайлау үшін бүгін жиын өткізді. Жиынға ҚР Парламент Мәжілсінің депутаты Дания Еспаева мен партияның облыстық филиал төрағасы Асқар Садықов қатысты.

«Ақжол» партиясы Нұр - Сұлтан қаласында орталық кеңестің пленумын өткізді. Пленумға филиал төрағалары мен орталық комитеттің мүшелері қатысты. Мақсат - «Ақжол» партиясының президенттік сайлауға қатысуы мен президенттікке үміткерді анықтау. Партия алғаш рет президенттік сайлауда кандидат ұсынады. Ал Съезд 24-сәуір күні өтеді. Негізі Нұр - Сұлтан қаласындағы пленумда тек президенттікке үміткер анықталмады. 2 сағаттан астам уақыт пікірталас болып, бір шешімге келмеді. Көбі Азат Перуашевтің кандидатурасын ұсынды. Дегенмен А.Перуашевтің өзі өзге де адамдардың үміткер бола алатынын айтты. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының филиал төрағалары өздерін ұсынды. Сол жиында 7-8 ұсыныс түскен екен. Нақты шешім Съезде қабылданатын болды», - деді ҚР Мәжіліс депутаты Дания Еспаева.

Оның айтуынша, демократиялық партия әйел адамның президенттікке үміткер болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырып жатыр.

«Нақты кім екенін айту қиын. Тек президенттікке үміткер болатын кандидаттар бар, нақты шешімі келесі аптада белгілі болады. Сол күнге дейін барлық өңірде жиын болып, делегаттар сайланады», - деді Д.Еспаева.

Айта кетейік, Нұр - Сұлтан қаласындағы ауа райының қолайсыздығынан партия төрағасы Азат Перуашев Ақтөбедегі конференцияға қатыса алмады. Ал конференция кезінде 24-сәуірдегі Съезге 6 делегат сайланды.

Соңғы жаңалықтар