2009 жылғы 10 қазан 10:00

Ақжайықта «Жол картасына» сәйкес көптеген нысандар қайта жаңарды

ОРАЛ. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданында «Жол картасына» сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары қайта жаңарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатқа 342 миллионнан астам теңге бөлініп, Жаңабұлақта дәрігерлік емхана, Сарытоғайда орта мектеп, Мергенде интернат, Қурайлысай, Есенсай, Жайықта мәдениет үйлері сынды әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болатын. Қазір мұндай жұмыстар аяқталып келеді. Сондай-ақ Жұбан ауылына 22 шақырым су құбыры, Жолап елді мекеніне электр желісі тартылды. Алдағы жылы ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығы тойланбақ. Осы мерейтой қарсаңында ақынның туған жерінде құрылыс-жөндеу жұмыстарының өрістеуі тұрғындарды жігерлендіріп отыр. Биыл Жұбандағы ауыл мектебі де сапалы күрделі жөндеуден өткізілді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Талғат Қайрекеевтің сөзіне қарағанда, «Жол картасы» бойынша 727 адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT