Ақжайықта тоқсанға толған тыл ардагеріне құрмет көрсетілді - БҚО

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығы - Чапаев тұрғыны Ханымзия Мәмбешова 22 қаңтар күні 90 жасқа толды. Ол - еңбек жолын Ұлы Отан соғысымен тұстас бастаған, яғни Жеңісті шыңдағандардың бірі. Фурманов (қазіргі Қазталов) ауданында есепші, осы және Қаратөбе, Тайпақ (қазіргі Ақжайық) аудандарына бухгалтер, кітапханашы болып жұмыс жасады. Алматыдағы пединститутты бітірген. Сондай-ақ, Орал қаласындағы бұрынғы Н.Крупская, қазіргі Жұбан Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада 20 жылға жуық қызмет жасады.

Мерейтой иесін аудан әкімі Нариман Төреғалиевтың атынан оның орынбасары Меңзипа Жұматова құттықтап, естелік сыйлықтар тапсырып, игі лебізін арнады. Кейуананы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Хайруллин, Чапаев ауылының әкімі Қуандық Ғабдушев құттықтады. Ханымзия әже құттықтап келгендерге ақ батасын берді.

«Біз соғыс кезінде ауыртпалықты елмен бірге көтеріп, жан аямай еңбек еттік. Сөйтіп, Жеңісті жақындатуға үлес қостық. Шүкір, қазір бәрі бар, тыныштыққа жететін ештеңе жоқ. Елбасымыз бастаған еліміз өркендеп, дами берсін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар