Ақжайықта дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатқа 12 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстарын «Азиятехстрой» ЖШС атқарды. Оған ауылдың өзінен де жұмысшы-қызметкерлер тартылды. 14 бөлме, кабинет, есік-терезе, еден-төбе - бәрі бірдей қайта жарқырап шыға келді. Түрлі жабдықтармен де жасақталды.

Амбулаторияға білікті дәрігер, Ақтөбе мединститутының 1980 жылғы түлегі, көптеген байқауларда үздік шыққан Дариға Исмағұлова басшылық етеді. Бір ғана факті - мұнда 1995 жылдан бері нәрестенің шетінеуіне жол берілмеген.

Соңғы жаңалықтар