«Ақжайық» өз алаңында «Айжарықпен» тең ойнады

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 26-сында футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының турнир кестесінде екінші орында келе жатқан Оралдың «Ақжайығы» Шымкенттің «Айжарығын» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі допты да алаң иелері енгізді. Өкінішке қарай, «Ақжайықтың» ойыншысы Михаил Любимкин өз қақпасын «дәл» көздеді. Абырой болғанда, команданың мерген ойыншысы Алексей Мальцев тағы да көзге түсіп, тең ойынды сақтап қалды.

Бұған дейін екінші айналымның алғашқы қос ойынын сырт алаңда сәтті өткізген «Ақжайық» сөйтіп өз алаңында қапы қалды. Бір «қызығы», бірінші орындағы Алматының «Қайраты» да өз алаңында «Сұңқарды» жеңе алған жоқ.

Батысқазақстандықтар келесі кездесуін тамыздың 29-ында Оралда Тараздың ОСШИОСД командасымен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар