«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құстар қырылып жатыр
2022 жылғы 29 маусым 10:47

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында құстар қырылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 26 маусымында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының территориясында, мекеме инспекторлары құстардың қырылу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Аймақты тексеріс кезінде мыңнан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және үш жүз Өгіз шағала өлексесі тіркелді. Аталған түрлердің ішінде Қылаң қарабас шағала құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

«Бес құстан, оның ішінде үш Қылаң қарабас шағаладан және екі Өгіз шағаладан ішкі құрылыстарының сынамасы алынып, сараптамаға жолданды»,-делінген хабарламада.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT