«Ақжайық» командасы жетекшілері мен ойыншыларына сыйақы тапсырылды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мүсілім Оңдағанов «Ақжайық» командасын ел чемпионатының бірінші лигасында екінші орын алуымен құттықтап, клуб жетекшілері мен ойыншыларға қаржылай сыйақы табыс етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде атап өтілгеніндей, ендігі басты назар қарашаның 8-інде Алматы қаласында премьер-лига жолдамасы үшін өтетін ойынға аударылмақ. "Бізге қарсыластың кім болғаны маңызды емес. "Оқжетпес" пе, әлде "Восток" па, кіммен болса да ойнауға әзірміз. Ал қарсыласымыз "Қазақмыс" болса, тіпті жақсы, өйткені олар былтыр бірінші лигада күш сынасқан сыралғы команда. Бізге тек соңғы бір ойынға ғана күшімізді сарқа жұмсасақ жетіп жатыр. Жеңіске бастар жолды шабуылдан іздейтін боламыз" - деді "Ақжайықтың" бас бапкері Вячеслав Ледовских.

М.Оңдағановтың сөзіне қарағанда, егер жолдама қоржынға түссе, команданың негізгі құрамы келесі жылы да сақталады. Қосымша үш-төрт футболшы ғана шақыртылады.

Соңғы жаңалықтар