«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері тағы бір маусымға қалатын болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Украиналық маман, «Ақжайықтың» бас бапкері Владимир Мазяр клубпен келісімшартты келесі жылғы маусымның аяғына дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының мәлім еткеніндей қазіргі кезде В.Мазяр еңбек демалысын Украинада өткізіп жатыр.

Жаңа маусымға дайындық қаңтар айында басталмақ. Биыл ел чемпионатын «Ақжайық» тоғызыншы орынмен қорытындылағаны белгілі.

«Команда қайтадан жасақталады. Алдағы жылы премьер-лигада бұдан да жоғары орынға ие болу үшін бар күшімізді салмақшымыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Шайхы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Каспий» мен «Ақжайықтың» тең ойнағанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар