Ақжайық футбол клубының бас бапкері тағайындалды

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тирасполь футболының түлегі Игорь Пикущак «Ақжайық» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, И.Пикущак 1983 жылы дүниеге келген.

Футболшы ретінде «Шериф», «Тирасполь», «Краснодар», «Амкар» (Пермь) командаларында доп тепкен.

Молдова ұлттық құрамасы сапында 22 матч өткізді.

Бапкер есебінде «Ноа» (Армения), «Акрон» клубтарын жаттықтырды. 2019-2020 жылғы Армения чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ Армения кубогы және суперкубогының иегері.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.




Фото: www.sports.kz

Соңғы жаңалықтар