«Ақжайық» футбол клубын сотқа бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақжайық» командасының бір топ ойыншылары клубпен бүгінге дейін жеңістер мен тең түскен ойындарға төленбей келген сыйақылар үшін соттасқалы отыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Осы кезде Орал футбол клубының намысын қорғап келген оннан астам футболшы әділдікке сот арқылы қол жеткізуді көздеп отыр. Бұған себеп «Ақжайық» клубы оларға өткен жылдан бері 12-14 сыйақы қарыз болып қалған. Енді ойыншылар өздеріне тиесілі осы қаржыға сот арқылы қол жеткізуді көздеп отыр.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Ақжайық» бірінші лигадан шығып қала жаздаған болатын. Маусым аралығында командаға Владимир Мазяр басшылыққа келді. Алайда ол бұл қызметте жарты жылға жуық уақыт та істеместен жұмысын тастап, кетіп қалды.

Соңғы жаңалықтар