«Ақжайық» биылғы маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» бүгін өз алаңында «Екібастұз» командасын қабылдап, 6:0 есебімен жеңіске жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Команданың мерген ойыншысы Алексей Мальцев осы ойында қарсыластар қақпасына үш бірдей гол енгізіп, биылғы маусымда соққан доп санын 19-ға жеткізді. Сондай-ақ бұл ойында Андрей Арбеков, Артур Авакянц, Эльдар Абдрахмановтар  мергендік танытты.

«Ақжайық» биылғы маусымдағы соңғы ойынын қазанның 23-інде өз алаңында Астананың «Намыс» командасымен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар